Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дзюдодан әлем чемпионатының екінші күнінде қазақ балуандарының барлығы жеңіліп қалды

Спорт
Дзюдодан әлем чемпионатының екінші күнінде қазақ балуандарының барлығы жеңіліп қалды

БАӘ астанасы Абу-Дабиде өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылардың барлығы жеңілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Татамиге шыққан бес балуанның барлығы жарысты бірінші белдесуден аяқтады. 

Атап айтсақ, 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев израиль дзюдошысы Тал Фликрге жол берді. Осы салмақтағы жас балуан Жанарыс Рахметқали де франциялық Валид  Хиярдан айла асыра алмады. 

Сол секілді 73 келідегі Бақытжан Әбдурахманов германиялық Игорь Вандткеден ұтылса, Данияр Шамшаев әзербайжандық Әділ Османовқа айла көрсете алмады. Осылайша екі спортшы да жарысты жүлдесіз аяқтады.

Ал 57 келіде түркиялық балуанмен бәсекеге түскен Бақыт Құсақбаева бірінші белдесуден аса алмады. Осылайша, екінші жарыс күнінде қазақстандық дзюдошылар жүлдесіз қалды.

Айта кетейік, кеше Абиба Әбужақынова (48 келі) қола жүлдегер атанса, Елдос Сметов (60 келі) бесінші орыннан көрінген болатын.

Фото: t.me/kazjudoteam

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу