15 тоннадан астам заңсыз ауланған балық тәркіленді

"Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр

Malim Админ

  • 10.09.2024

“Браконьер” жедел-алдын алу шарасы барысында балықты заңсыз аулағандар қолға түсті. Полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 48 фактісін анықтады.

Браконьерлік, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымы фактілерінің жолын кесуге бағытталған "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр.

- Полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 48 фактісін анықтады, оның ішінде, заңсыз аң аулаудың 23 фактісі, балық аулау ережелерін бұзудың 9 фактісі тіркелді. Полиция 15 тоннадан астам заңсыз ауланған балықты тәркіледі. Балық ресурстарын заңсыз өндірудің және ағаш ұрлаудың фактілері анықталды. 5 көлік айыппұл тұрағына қойылды, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Рейд барысында полиция Кеңтүбек ауылдық округінде орналасқан су айдынында заңсыз балық аулаған Май ауданының тұрғынын ұстады. Автокөліктен қытайлық ау, үрлемелі резеңке қайық, жалпы салмағы 5 кг-нан асатын "мөңке" балығы тәркіленіп алынды.

Еске сала кетейік, Екібастұзда заңсыз балық аулағандар ұсталды.

Фото: Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

19.05.2025

Қазақстанда жемқорлардың туыстарының мүлкін тәркілеу ұсынылды

19.05.2025

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025
MalimBlocks