457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанның кей өңірлерінде ескерту жарияланды

"Қазгидромет" 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

"Қазгидромет" 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірінде тұман, қар, үсік пен найзағай күтіледі. Осыған байланысты ескерту жарияланды.

Қостанай және Қостанай облысында найзағай болады.

Жетісу облысында тұман мен 1-3 градусқа дейін үсік күтіледі.

Жамбыл облысында найзағай, тұман, қатты жел және 1 градусқа дейін үсік болады.

Талдықорған мен Алматы облысында қатты жел соғып, 1-3 градусқа дейін үсік болуы мүмкін.

Семей, Павлодар және Ақмола облыстарында найзағай мен желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Өскемен, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр, қар, найзағай және қатты жел күтіледі.

Тараз, Көкшетау, Павлодар және Атырау облысында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыз жағдайларына дайын болуға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Фото: pixabay.com