Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Екі ай жалақы алмаған жұмыскерлер ереуілге шықты

Сұқбат
Екі ай жалақы алмаған жұмыскерлер ереуілге шықты

Талдықорғандық   автобус  жүргізушілері ереуілге  шықты.  Олар жұмыс істеуді тоқтатуға мәжбүр болған.  Себебі, екі  айдан бері  жалақы төленбеген. 

Жүргізушілер басшылықтың құрғақ  уәдесіне тойғанын айтып отыр. Ала таңнан қара кешке дейін тынбайтын жұмысшылар ақша төленбесе жолға шыпаймыз дейді.    

«Бірнеше отбасында  несие, ипотека бар. Банк ақшаларың кешігіп жатыр екен деп  кешіре салмайды. Адал жұмыс істеп жүрміз, бірақ еңбек ескерілмейді. Екі ай бойы  құр  уәдемен тамақтандық, нәтиже жоқ. Еріксіз  ереуілге шықтық. Осы әрекеттен кейін ғана  талабымызды тыңдайды  деп үміттенемін», - дейді автобус жүргізушілерінің бірі.    

Қалалық әкімдіктегілер көлік жүргізушілері ереуілдеткен соң ғана  олардың талап-тілегіне құлақ асып отыр.  Жұмысшылармен кездескен әкімдік өкілдері  мәселені тезірек шешетінін айтты.  

Қалада бүгін қоғамдық көлік қозғалысы қайта басталды. Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы Мәди Шәкеновтің мәлімдеуінше,  жүргізушілер кешіккен жалықыларын келесі аптада алады.   

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу