Бүгін Германиядағы Volkswagen зауыттарының жұмысы тоқтайды

Ереуілге IG Metall кәсіподақ ұйымы ұйытқы болмақ

Malim Админ

  • 02.12.2024

Кәсіподақ өкілдері 2 желтоқсанда Volkswagen автоконцернінің барлық қызметкерлерін наразылық өткізуге шақырған. 

Себебі, жұмысшылар мен концерн арасындағы еңбек дауын бейбіт жолмен шешуге міндеттейтін келісімнің мерізімі біткен. Мұндай мәлімдемені IG Metall аймақтық кеңесінің басшысы Торстен Грёгер 1 желтоқсан кешке жасады.  

Кәсіподақ өкілдері мұндай қадамға автогиганттың түрлі себептермен қызметкерлерін жұмыстан қысқартып, тіпті, Германиядағы кейбір зауыттарды жапқалы отырғаны ықпал еткен. 

– Біз келіссөздер үстелінде ымыраға келуге дайын екенімізді көрсеттік. Алайда, келісім үшін созған қолымыз кері қайтты. Енді компанияға ескерту ереуілдері өтеді. Бұл назардан тыс қалмайды. Жақын арада барлық зауыттарда өндіріс уақытша тоқтайды, – деді Торстен Грёгер.

Ресми дерек бойынша, Германияда Volkswagen компаниясының 10 зауыты бар. Онда шамамен 120 мың адам жұмыс істейді. 

Фото: DW 
 

Байланысты жаналықтар

АҚШ қалаларында Трампқа қарсы ереуілдер өтіп жатыр

06.04.2025

Германияда үш жасөспірім лаңкестікке қатысты түрмеге қамалды

23.03.2025

"Тозақ қақпасы", "Шайтан көпірі". Әлемдегі ең қорқынышты жерлер

07.03.2025

Ірі зауыттың мүлкін тонағандар ұсталды

03.03.2025

Трамп: АҚШ пен Германия үшін – ұлы күн

24.02.2025

Германияда шерушілерге шабуыл жасалды

13.02.2025
MalimBlocks
АҚШ қалаларында Трампқа қарсы ереуілдер өтіп жатыр

Америка қоғамының либералдық бөлігі Трамп күш қолдана ма деп үрейленеді

Германияда үш жасөспірім лаңкестікке қатысты түрмеге қамалды

Шабуыл жасау үшін олар бірнеше қаланы таңдаған

"Тозақ қақпасы", "Шайтан көпірі". Әлемдегі ең қорқынышты жерлер

Ірі зауыттың мүлкін тонағандар ұсталды

Трамп: АҚШ пен Германия үшін – ұлы күн

Германияда шерушілерге шабуыл жасалды