Енді микроқаржы ұйымдары борышкерге күніне бір реттен артық қоңырау шала алмайды
Қарыз алушымен өзара іс-қимыл кезінде оған берілетін ақпарат бойынша талаптар белгіленді.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы ұйымдары қызметкерлерінің мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушылармен өзара іс-қимыл тәртібіне қатысты өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Malim.kz.
Енді мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушылармен өзара іс-қимыл телефон арқылы, оның ішінде ұйымның бастамасы бойынша интернет желісінде қоңырау шалу үшін қосымшаларды пайдалана отырып, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейінгі кезеңде бір реттен артық емес жүзеге асырылады.
Қарыз алушымен өзара іс-қимыл кезінде оған берілетін ақпарат бойынша талаптар белгіленді, атап айтқанда кредитор мыналарды атап айтуы тиіс:
- ұйымның атауын;
- ұйымның орналасқан жерін;
- өзінің аты-жөнін, лауазымын;
- шартта көзделген берешектің, негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомалары қалдығының құрылымдарын;
- қарыз алушының шартта, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жауаптылығы және өзге де міндеттемелерін.
Сондай-ақ қаулымен мынадай жосықсыз әрекеттердің тізбесі енгізілді:
- мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушыға және (немесе) оның өкіліне және (немесе) үшінші тұлғаға ұйым қызметкерінің дәйексіз тектерін, және (немесе) аттарын және (немесе) әкесінің аттарын (ол бар болса), сондай-ақ орналасқан жері және (немесе) лауазымы туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді хабарлау;
- мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушыны және (немесе) оның өкілін және (немесе) шарттың шеңберінде ұйыммен міндеттемелермен байланысты үшінші тұлғаны берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау негіздеріне қатысты жаңылыстыру;
- өзара іс-қимыл жасалатын адамның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату не осы адамның мүдделеріне мүліктік зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді жария ету;
- мерзімі өткен берешекті реттеу және (немесе) өтеу үшін қарыз алушының орналасқан жері және (немесе) байланыс деректері белгіленген жағдайларды қоспағанда, шарттың шеңберінде ұйыммен міндеттемелермен байланысты емес үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасау.
Фото: pexels.com