Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

Оған валюталық резерв пен мемлекеттік борыштың төмендігі ықпал еткен

Мәди Саматұлы

  • 18.05.2024

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде екенін растады, болжам «Тұрақты», деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан рейтингін қолдайтын іргелі факторлардың қатарында елеулі сыртқы буферлер, шетел валютасындағы резервтер, тұрақты фискалдық позиция мемлекеттік борыштың төмен деңгейі, сондай-ақ, сыртқы тәуекелдерге орташа ұшырау атап өтіледі.

Fitch Ratings сарапшылары валюталық резервтердің одан әрі нығаюын, сондай-ақ, импорттың қалыпты өсуі және мұнай өндіру мен экспорт көлемінің ұлғаюы аясында ағымдағы шот тапшылығының қысқаруын болжайды.

Fitch пікірінше, бюджет шығыстарының өсуін шектейтін жаңа фискалдық ережелер және ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттер салық-бюджет саясатын нығайтуға тиіс.

Сондай-ақ, Fitch қайталама санкциялар салудың және олардың ҚР экономикасына ықпалының салыстырмалы түрде төмен тәуекелдерін атап өтеді.

Фото: Ұлттық экономика министрлігі

Байланысты жаналықтар

Премьер-министр Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

22.11.2024

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

16.11.2024

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Президенттері энергетикалық жүйені интеграциялау жөніндегі келісімге қол қойды

13.11.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

11.11.2024

Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

10.11.2024

Қазақстанға Ресей Президенті Путин келеді

07.11.2024
MalimBlocks
Премьер-министр Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі және басқа да мәселелерге назар аударылды

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Қазақстан рейтингін сыртқы буферлер ұстап отыр

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Президенттері энергетикалық жүйені интеграциялау жөніндегі келісімге қол қойды

Құжат Еуропа елдері мен басқа да нарықтарға жол ашады

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент Қазақстан мен Польша арасындағы байланыс дамып келе жатқанын атап өтті

Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

Шешуші ойында ұлттық құрама Жапонияны ұтты

Қазақстанға Ресей Президенті Путин келеді

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары 27 қарашаға жоспарланған