Kaspi.kz  Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі  анықтама алу сервисін іске қосты

Kaspi.kz Цифрландыру министрлігімен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты.

  • 27.09.2022

 

Kaspi.kz Цифрландыру министрлігімен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты. Енді тура Kaspi.kz қосымшасында санаулы ғана минутта:

• «Фтизиатрия» фтизиопульмонология орталығынан туберкулезбен ауыратын науқастардың диспансерлік есепте тұрғаны немесе тұрмағаны туралы;

• Психикалық денсаулық орталығынан науқастарды динамикалық бақылау (не динамикалық бақылаудың жоқтығы) туралы;

  • «Наркология»психикалық денсаулық орталығынан наркологиялық науқастарды динамикалық бақылау (не динамикалық бақылаудың жоқтығы) туралы анықтамаларды алуға болады, олар жұмысқа орналасқанда немесе оқуға түскенде, жүргізуші куәлігін алғанда немесе виза алғанда қажет болады.

Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Біз үздік Kaspi.kz қосымшасы арқылы қазақстандықтардың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу деңгейін кеңейте бермекпіз. Цифрлық даму министрлігімен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, тағы бір тамаша сервисті іске қостық. Енді сүйікті клиенттерімізге анықтама жинауға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Енді оларды тура үздік Kaspi.kz қосымшасында онлайн режимде алуға болады. Бұл – мемлекет пен бизнестің қазақстандықтардың күнделікті міндеттерін шешуді жеңілдету үшін күш біріктіруінің тағы бір табысты мысалы».

Цифрлық даму министрі Мусин Бағдат:

«Азаматтар цифрлық технологиялардың барлық артықшылықтарын пайдалануы үшін қазақстандықтардың арасында танымал Kaspi.kz сервисі жетілдіріліп, көптеген құжаттармен толықтырылуда. Естеріңізде болса, бұрын жұмысқа орналасқан кезде немесе жүргізуші куәлігін алу үшін 3 жерге барып, психо-, наркодиспансерлерден, туберкулез орталықтарынан анықтама жинау керек болатын. Енді мұның бәрін Egov mobile қосымшасында бір-екі рет басып қана алуға болады. Бұрын да айтып өткеніміздей, алушыларға ыңғайлы болу үшін біз басқа қауіпсіз сервистермен бөлісеміз. Бүгінгі таңда бұл мәліметтер Kaspi.kz-те қолжетімді. Біз мемлекеттік қызметтерді барынша ыңғайлы пайдалану үшін және алу үшін ірі қаржы институттарымен және жетекші технологиялық елдермен жемісті ынтымақтастығымызды жалғастырамыз».

Денсаулық сақтау вице-министрі Есенбаев Бейбіт:

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әртүрлі платформалар арқылы азаматтардың денсаулық жағдайы туралы қажетті мәліметтерді ұсыну тәсілдерін көбейтіп жатыр. Азаматтарға ақпарат беру үшін мәліметтер мен платформалардың тізбесін одан әрі кеңейтуге дайынбыз. Осы платформада іске қосу – азаматтарға мәліметтерді беру кезеңдерінің бірі. Біз азаматтардың өздерінің медициналық деректеріне қол жеткізу құқықтарын іске асырамыз».

Алынған анықтамалар Kaspi.kz қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» «Цифрлық құжаттар» бөлімінде қолжетімді болады».

Анықтамаларды көруге, жүктеп алуға немесе қажетті адресатқа электрондық поштамен немесе мессенджермен жіберуге болады.

Kaspi.kz суперқосымшасын 12 миллионнан астам қазақстандық ай сайын пайдаланады.«Мемлекеттік қызметтер» бөлімі арқылы қазақстандықтар өздерінің цифрлық құжаттарына қол жеткізе алады, көлікті қайта тіркейді, жәрдемақы алады, салық төлейді, жүргізуші куәлігін ауыстырады және бизнесін тіркейді.

Байланысты жаналықтар

Балаға арналған Kaspi Gold-ты қамқоршылары да аша алады

19.09.2023

Қазақстандықтар өрттен зардап шеккендерге Kaspi.kz-пен бірге 200 млн теңге жинады

15.06.2023

Енді Kaspi.kz-те тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады

06.06.2023

Kaspi.kz E+Awards халықаралық маркетинг байқауында гран-при мен екі «алтын» жүлдеге ие болды

04.05.2023

Kaspi.kz тур таңдап, сатып алуға болатын сервисті іске қосты

11.04.2023

Баланың туу туралы куәлігін енді Kaspi.kz қосымшасынан алуға болады

13.10.2022
MalimBlocks
Балаға арналған Kaspi Gold-ты қамқоршылары да аша алады

Қорғаншылар мен қамқоршылар өз қамқорлығындағы балаға Kaspi Gold аша алады.

Қазақстандықтар өрттен зардап шеккендерге Kaspi.kz-пен бірге 200 млн теңге жинады

Kaspi.kz ниет білдіргендердің барлығы өрттен зардап шеккендерге көмектесе алуы үшін Ұлттық волонтерлік желімен бірге онлайн, мобильді қосымша арқылы тез арада қаражат жинауға мүмкіндік жасады.

Енді Kaspi.kz-те тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады

Kaspi.kz ІІМ Көші-қон қызметі комитетімен, Әділет министрлігімен, Цифрландыру министрлігімен, АӨО РМК және ҰАТ АҚ-пен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты.

Kaspi.kz E+Awards халықаралық маркетинг байқауында гран-при мен екі «алтын» жүлдеге ие болды

Орталық Азияда алғаш рет ең тиімді жарнамалық науқандар, маркетингтік және коммуникациялық шешімдерге арналған E+Awards халықаралық байқауы өтті.

Kaspi.kz тур таңдап, сатып алуға болатын сервисті іске қосты

Kaspi.kz саяхатқа шыққанды ұнататындар үшін жаңа сервисті қосты. Енді Kaspi Travel бөлімінде ұнаған турды таңдап, сатып алуға болады.

Баланың туу туралы куәлігін енді Kaspi.kz қосымшасынан алуға болады

Kaspi.kz Әділет министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-пен бірлесе отырып, жаңа сервисті іске қосты.