Олжас Бектенов Астанадағы LRT құрылысы қарқынын тексерді

Cтансалардың негізгі темірбетон конструкциялары құрылысын 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр

Malim Админ

  • 24.10.2024

Премьер-министр Олжас Бектенов қаладағы LRT құрылысын тексерді. 

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек нысанның дайындық деңгейі және мегаполистің көлік жүйесін одан әрі дамыту келешегі туралы баяндады.


Қазір LRT эстакадасының арқалықтарын төсеу кезеңі аяқталды. Cтансалардың негізгі темірбетон конструкциялары құрылысын 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Келесі жылы рельстерді төсеу, стансаларды әрлеу және жылжымалы құрамдарды жеткізетін депо құрылысын жүргізу, Қабанбай батыр даңғылы мен Қалдаяқов көшесі бойындағы эстакадалық бөлікті абаттандыру жүргізіледі.

Жеңіл рельсті желінің жалпы ұзындығы 22,4 км құрайды. LRT құрамына 18 станса кіреді. 652 адам сыятын 19 жылжымалы құрамды іске қосу жоспарлануда. Қозғалыс аралығы 4-5 минутты құрайды. Бастапқы кезеңде тәулігіне 25 мың адам жолаушылар ағыны күтіледі, бұл ретте жолаушылар ағыны ең жоғары уақытта тәулігіне 92 мың адамға жетуі мүмкін. Төлем жүйесі қалалық аналогы бойынша, көлік картасын валидациялау немесе QR-код арқылы төлеу арқылы қарастырылған.  

Станса аумағында Премьер-министр құрылыс барысында қолданылатын технологиялық шешімдермен танысты.

Жобаны іске асыруға China Construction Sixth Bureau, Yunnan Construction and Investment Holding Group Co., Longjian Road and Bridge Co., Tianjin Rail Transit Group Co., CRRC Tangshan Co LTD. сияқты жоғары стандарттарды сақтауымен танымал қытайлық жетекші компаниялар тартылған. Сондай-ақ CRSCInternational, CASCO, HUAWEI Smart Transport BU компаниялары көлік жүйесінің қауіпсіз әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын байланыс, дабыл және автоматтандыру жүйелерін реттеуге қатысады.

China Railway Asia-EuropeConstruction Investment қосалқы мердігер компаниясының бас директоры Чжоу Хайвэй инновациялық технологиялар қолданылып жатқанын баяндады. Жоба аяқталғаннан кейін жеңіл рельсті желі бойымен жүргізушісіз пойыздар іске қосылады. 

«City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаевтың айтуынша, барлық құрылыс жұмыстарын аяқтап, LRT-ны іске қосу 2025 жылдың соңына жоспарланған. 

Олжас Бектенов жобаның сапасы мен іске асырылу мерзімдерін бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. 

«Мемлекет басшысы еліміздің көлік жүйесін дамытуға үлкен көңіл бөлуде. LRT жобасы бойынша инфрақұрылымды дайындау жөнінде қыруар жұмыс жүргізілді, қаражат бөлінді. LRT елорда тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетеді. Құрылыс жұмыстарының қарқыны артып келеді, оны бәсеңдетпеу маңызды. Жоба ең жоғары деңгейде жүзеге асырылуы керек. Әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар тарапынан бақылау күшейтілуі тиіс. Нәтижеге жұмыс істейтін боламыз», - деді Премьер-министр.

Фото: primeminister.kz  

Байланысты жаналықтар

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

09.05.2025
MalimBlocks
“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Екі спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды.