Олжас Бектенов екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кездесті

Кездесуде ірі инфрақұрылымдық жобаларды салу және жаңғырту бағдарламаларын жүзеге асыруға назар аударылды.

Сабина Асқарқызы

  • 19.03.2025

Олжас Бектенов екінші деңгейлі банктердің басшыларымен экономиканың нақты секторын қаржыландыруға қатысуды арттыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекет басшысының экономиканың нақты секторын екінші деңгейлі банктердің қаржыландыруын ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Ірі инфрақұрылымдық жобаларды салу және жаңғырту бағдарламаларын жүзеге асыруға назар аударылуда. Үкіметтің бизнесті басымдық бере қаржыландыруға банктердің қатысуын ынталандыру бойынша жаңа тәсілдері қаралды.

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ЕДБ активтерінің тек 21,2%-ы бизнесті несиелендіруге тиесілі, 16,5%-дан астамы кепілсіз тұтынушылық несиелерді құрайтынын, өтімділігі жоғары активтердің үлесі 29,6%-ға дейін өскенін баяндады. Жаңа Салық кодексі жобасында корпоративтік секторды несиелеуден түсетін кірістер бойынша КТС мөлшерлемесін 20% деңгейінде сақтау, ал тұтыну секторы үшін 25%-ға белгілеу және бірқатар қаржылық операцияға қатысты шамамен 500 млрд теңгені құрайтын ҚҚС жеңілдіктерін алып тастау ұсынылады. Бұл шаралар салық төлемдерін ұлғайтуға, салық жүктемесін теңестіруге және банктер активтерінің құрылымын теңестіруге, олардың ресурстарын нақты экономикаға бағыттауға арналған.

Әлеуетті ЖІӨ шегін мақсатты түрде арттыру стратегиялық мақсат болуы тиіс. Бұл орта және ұзақмерзімді кезеңде Қазақстан экономикасының өнімділігін арттыру үшін инвестицияларды қандай бағыттарға шоғырландыру керек екенін және қандай институционалдық қолдау қажеттігін түсінуге мүмкіндік береді.

 «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин кәсіпкерлікті қолдау мен несиелеудің негізгі құралдарын ұсынды. 2024 жылы Холдингтің экономика секторларын қолдауға қосқан жалпы үлесі шамамен 4 трлн теңгені құрады. 2025 жылы осы мақсаттарға қол жеткізу үшін қаржыландыру көлемін 2027 жылға қарай 10 трлн теңгеге дейін одан әрі ұлғайта отырып, шамамен 8 трлн теңге бағыттау жоспарлануда. ЕДБ-ны нақты секторды қаржыландыруға тарту шеңберінде өтімділікті арттыруға бағытталған бірқатар шаралар ұсынылады. 84 ірі инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Өндіріс, инфрақұрылым және тұрғын салаларына басымдық беріледі. Мемлекеттік кепілдіктер ұлғайтылады, соның нәтижесінде құрылыс жұмыстары 13,1 мың шақырым автожолдар мен 585 шақырым теміржолдарды қамтиды. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 5 жылда 13 трлн теңгеден астам, оның ішінде биыл – 1,2 трлн теңге инвестиция салынады. Тұрғын үй құрылысының рекордтық көрсеткіші – кемінде 19 млн шаршы метр салу күтілуде. Нақты секторды қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталған бастамалар ЖІӨ-нің өсуіне әкеледі.

Өз кезегінде, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының төрағасы Елена Бахмутова ЕДБ экономикаға несие беру көлемін арттыруды жалғастырып жатқанын айтты. 2024 жылы бизнес-қарыз алушылардың жалпы саны 441-ден 532 мыңға дейін өсті. Банк секторы жылдың бірінші айында іскерлік белсенділіктің дәстүрлі баяулауына қарамастан, тек қаңтар айының өзінде 1,1 трлн теңге жаңа несие берді.

Фото: t.me/KZgovernment

Байланысты жаналықтар

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

09.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025
MalimBlocks
Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд