Қазақстанда АЭС салатын компаниялардың тізімі шықты

АЭС салуға үміткер ретінде төрт компания тіркелді

Malim Админ

  • 22.01.2025

Энергетика министрлігі АЭС құрылысын салуға үміткер компаниялардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz. 


Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің жетекшілігімен Қазақстан делегациясы Ресейге іссапармен барып қайтты.

Министрлік Ленинградтағы АЭС-тың жұмыс тәжірибесімен танысып қайтқан. Сонымен қатар ВВЭР-1200 реакторлары бар 3+ буын энергоблоктарының технологияларын зерттеді. ВВЭР-1200 реакторы – «Росатом» мемлекеттік корпорациясының флагмандық жобасы.

Қазақстанның Ресейге сапары АЭС салуға қажетті технология жеткізушілермен жүргізілген диалогтың соңғы кезеңі болды. Бұған дейін делегация Оңтүстік Корея, Франция және Қытайға барып қайтқан еді.

Қазіргі таңда АЭС салуға үміткер ретінде төрт компания тіркелді. Олар: Ресейдің «Росатом», Қытайдың CNNC, Оңтүстік Кореяның KHNP, Францияның EDF компаниясы.

Министрліктің мәліметінше, АЭС салуға арналған технология жеткізушісін таңдау бойынша соңғы шешім биыл қабылданады. Ол ұлттық мүдделер, халықаралық нормалар және МАГАТЭ-нің ұсыныстары негізінде жүзеге асырылмақ.

Фото: gov.kz 

Байланысты жаналықтар

«ҚазМұнайГаз» Атыраудағы ірі өндіріс орнын ресейлік компанияға сатты

13.04.2025

Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

30.03.2025

Ірі қазақстандық компаниялар 17 млрд теңге салық төледі

12.03.2025

Қазақстан АЭС салуға қаржыны қайдан алады?

04.03.2025

Еліміздегі ірі құрылыс компаниялары кірісін азайтып көрсеткен

01.03.2025

Алғашқы АЭС құрылысы қашан басталады?

26.02.2025
MalimBlocks
«ҚазМұнайГаз» Атыраудағы ірі өндіріс орнын ресейлік компанияға сатты

Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды

Ірі қазақстандық компаниялар 17 млрд теңге салық төледі

Қазақстан АЭС салуға қаржыны қайдан алады?

Еліміздегі ірі құрылыс компаниялары кірісін азайтып көрсеткен

Алғашқы АЭС құрылысы қашан басталады?