Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда ең көп ет жейтін облыс белгілі болды

Экономика
Қазақстанда ең көп ет жейтін облыс белгілі болды

Елімізде бір адам орташа есеппен 21 келі ет жеген екен. Етке деген сұраныс артқан. Және бағасы да өсіп кетіпті.

2020 жылдың 3 кварталында әрбір қазақстандық орташа есеппен 21,3 келі ет жеген. Бұл екінші кварталмен салыстырғанда 1,4 келіге көп. Көбіне қазақстандықтардың сұранысы сиыр етіне артқан. Бұл туралы energyprom.kz сайты жазды.

Ет алушылар саны еліміздің барлық өңірлерінде көбейген. Ең көп ет жейтін облыстардың көшбасында Қарағанды облысы тұр. Қарағандының әрбір азаматы бір кварталда 26,8 келі ет жеген. Екінші, үшінші орында Ақмола облысы мен Алматы қаласы екен.

Қазақстанда еттің бағасы да қымбаттап кеткен. Қой еті 16,2%,  жылқы еті 11,9%,  сиыр еті 8% қымбаттаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу