Қазақстанда тағы бір банк лицензиясынан айрылды
Қазақстандық тағы бір банк - Tengri Bank лицензиясынан айырылды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше Tengri Bank бұдан былай банктік және өзге операцияларды жүзеге асыра алмайды. Оған бірнеше мәселе:
«Пруденциялық нормативтерді бұзу түрінде көрінген Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзуы;
агенттік қолданған қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамауы;
агенттіктің банктің меншікті капиталын ұлғайту мақсатында қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қабылдау туралы талаптарын Банктің банк холдингінің орындамауы» себеп болған.
Агенттіктің айтуынша, аталмыш банктің лицензиясын тоқтату қазақстандық «банк жүйесі үшін тұтастай алғанда тәуекелдерге алып келмейді». Өйткені, Tengri Bank-тің активтері мен міндеттемелерінің Қазақстанның банк секторындағы үлесі төмен. Агенттік ұсынған мәліметке сүйенсек, Қазақстан банк секторындағы бұл банктің активтері мен міндеттемелері 0,3 пайызды құраған.