Қазақстанда жылқы шаруашылығы институты құрылады

Тоқаев Қостанай жылқысы жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұрғанын айтты

Malim Админ

  • 15.11.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында Жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырды.


«Қазақстанда жылқының бірнеше түрі бар. Оның ішінде қазақпен бірге жасап келе жатқан жабының орны ерекше. Кейін оған Қостанай, Көшім және Мұғалжар тұқымдары қосылды. Әрқайсысының өз ерекшелігі бар. Мен бұған дейін Адай жылқысы Маңғыстаудың баға жетпес қазынасы екенін айттым. Оны әлемге таныту үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырдым. Қазір Адай жылқысы ресми түрде бөлек тұқым ретінде тіркелді. Бұл арғымақтар Ұлы дала жорығында, басқа да аламан бәйгелерде топ жарып жүр», - деді Президент.

Тоқаев Қостанай жылқысының тұқымы асыл екенін, алайда, жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұрғанын, небәрі 280 бас қалғанын айтты.

«Сондықтан жылқының санымен қатар, сапасын арттыру — маңызды міндет. Биыл қазақ жылқысының тұқымын сақтау және көбейту үшін арнайы заң қабылдадық. Енді бұл бағытта тағы бір маңызды қадам жасаймыз. Мен Үкіметке Жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырамын. Білікті мамандар мұны көптен бері айтып жүр. Құзырлы органдар қысқа мерзім ішінде осы мәселені пысықтап, қаржы көздерін нақтылауы керек», - деді Қ.Тоқаев.

Фото: aqtobegazeti.kz 

Байланысты жаналықтар

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

09.05.2025

Президент Рим папасы XIV Левке құттықтау жолдады

09.05.2025

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

09.05.2025
MalimBlocks
Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

Президент Рим папасы XIV Левке құттықтау жолдады

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады