Шымкент экспортына үлкен мүмкіндік ашылмақ

  • 23.04.2021

Бүгінде Шымкентте машина жасау, металлургия, тамақ өнімдерін өндіретін, жеңіл өнеркәсібінде, фармацевтика және құрылыс өнімдерін өндіруде 35 белсенді экспорттаушы компания жұмыс істеп тұр.  Өткен жылы бұл компаниялардың  экспортқа шыққан дайын (шикізат емес) өнімдерінің құны   352,5 млн. АҚШ долларына жеткен. Қала әкімдігі осы бағыттағы жұмысты одан әрі жандандырып, экспорттаушы компаниялардың қанатын кеңге жайғысы келеді.

Осы ретте бүгін Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы Экспорт жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Онлайн форматта өткен жиынға «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы және «Kazakh Export» экспорттық сақтандыру компаниясы, «Атамекен» ҰКП мен аудан әкімдері, Шымкент қаласының 35 ірі экспорттаушы кәсіпорындары қатысқан. Жиында отандық өнімдер экспортының әлеуетін арттыру, көлік шығындарын өтеу, экспорттаушыларды қолдаудың жай-жапсары талқыланған.  Қала әкімінің орынбасары А.Сәттібаев экспорттаушыларды қолдаудың мемлекеттік шараларын кеңейту және оларды бір терезеге шоғырландыру қала өндірушілеріне елеулі қолдау көрсететініне сенім білдірді. Бұл экспорттық желіні кеңейтіп, сыртқы нарықтардағы отандық өнім көлемін арттыратынын баса айтты.

Байланысты жаналықтар

Қазақстандықтар кредит алудан қайтпай тұр

05.02.2025

Енді микроқаржы ұйымдары борышкерге күніне бір реттен артық қоңырау шала алмайды

05.02.2025

Ұлттық банк жаңа алаяқтық схема туралы ескертті

04.02.2025

614 мың адамның кредиті ішінара немесе толық көшірілді

04.02.2025

2025 жылы ақылы жолдармен жүру 50%-ға қымбаттайды

04.02.2025

Қазақстан ОПЕК+ келісімін сақтайтынын растады

04.02.2025
MalimBlocks
Қазақстандықтар кредит алудан қайтпай тұр

Енді микроқаржы ұйымдары борышкерге күніне бір реттен артық қоңырау шала алмайды

Қарыз алушымен өзара іс-қимыл кезінде оған берілетін ақпарат бойынша талаптар белгіленді.

Ұлттық банк жаңа алаяқтық схема туралы ескертті

614 мың адамның кредиті ішінара немесе толық көшірілді

2025 жылы ақылы жолдармен жүру 50%-ға қымбаттайды

Қазақстан ОПЕК+ келісімін сақтайтынын растады