Тоқаев Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің есебін тыңдады

Арман Қайыпхан

  • 17.10.2024

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2024 жылдың үшінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндалды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында экономиканы әртараптандыру шаралары күшейтілген.

Есепті кезеңде шикізаттық емес секторды дамыту нәтижесінде ішкі жалпы өнімнің өсімі 4 пайызды құрады. Ең жоғары өсімді ауыл шаруашылығы (11,4%), құрылыс (10,1%), көлік (8%), байланыс (6,4%), сауда (6,3%), өңдеу өнеркәсібі (4,8%) салалары көрсеткен. 14 өңірде өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі артқан.

Биылғы қаңтар-тамыз айларында сыртқы тауар айналымы 91,7 миллиард долларды құрады, оның ішінде экспорттың үлесі 3,3 пайызға көбейді. Оң сауда балансы 34,8 пайызға өсіп, 15,4 миллиард долларға жетті.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел бюджетіне 14,9 триллион теңге түскені туралы мәлімет берілді. Әлеуметтік төлемдер бюджет шығысының негізгі бөлігін құрайды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына заңсыз иеленген активтерді қайтару жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы жайында айтылды. Жыл басынан бері комиссия 450 миллиард теңгеге жуық активтерді қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдаған. 

Бүгінде мемлекетке 265 миллиард теңгені құрайтын активтер, соның ішінде ақшалай 177 миллиард теңге қайтарылды. Барлық қайтарылған қаражат әлеуметтік маңызы зор жобаларға жұмсалып жатыр. 

«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңның субъектілері бірқатар жобаларды, атап айтқанда, мұқтаж адамдарды оңалту және әлеуметтендіру бағдарламаларын, мәдени-білім беру орталығы мен спорттық манеж құрылысын қаржыландыруды бастады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Исламабадта өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесі отырысының қорытындысы жөнінде баяндалды.

Президент Үкіметтің жұмысын жандандыру қажет екенін атап өтті. Бұл ретте ел экономикасын әртараптандыру арқылы оның тұрақты өсімін қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенінде инновацияны дамыту, ірі индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру шараларын жалғастыруды тапсырды.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
MalimBlocks
Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді