Жамбылда егістік көлемі ұлғайды

Malim Админ

  • 27.05.2021

Қазір ауыл шаруашылығының барлық саласы бойынша өсім байқалады. Жыл сайын мыңдаған мал қосылып, миллиондаған гектар жерге артығымымен егін салынып, дақыл егіліп жатады. Оның сыртында, бау-бақша мен көкөніс өсіруді де мықтап қолға алынуы керек екенін президенттен бастап, осы салаға жауапты Ауыл шаруашылығы министрлігіне дейін жиі айтып жүр. Бұдан бөлек, осы бір сала бойынша әр облыс барынша алға жылжуға күш салып жүр. Мұндай жақсы мағынасындағы бәсеке нәтижесіз де емес.

Мәселен, жамбыл облысында биыл егіс алқаптарының көлемі 46,8 мың гектарға артып отыр. Әрине, бір қарағанда бұл соншалық үлкен көлем емес, бірақ, жыл сайын өсім көрсетіп отырғанын ескерсек, жылдан жылға көрсеткіш те артатыны түсінікті. Оның үстіне, бұл гектарлаған жерлердің ар жағында қаншама жаңа фермердің, қаншама жаңа кәсіпкердің тұрғанын ескерсек, бұл салаға енді түрен салып көруге ниеттенгендер алдағы уақытта егістік алқаптарын бұдан да ары өсіріп, өзі ғана мол табысқа кенеліп қана қоймай, республикада да ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлес қосады. Ал, қазір басқасы басқа, дәл осы ауыл шаруашылығы өнімдері еліміз бойынша ғана емес, бүкіл әлем бойынша үлкен сұранысқа ие. Бұрынғыдай, ексем, орсам, оны қайда сатам, кім алады деп уайымдаудың жөні жоқ, мемлекет өнімін сатам деушілерге ел ішінде де, экспорт бағытында да мүмкіндік беретін бірнеше бағдарлама ашып қойды. Сол себепті, елімізде егіс алқаптары мен мал басы санының артуы заңды.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та қысы жұмсақ, жазы қоңыржай саналатын Әулиета жерінде тұқым шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері көп екенін, сондықтан, қазір кездесіп жатқанк емшіліктерді түзеп, олқылықтардың орнын толтырып, қазіргі өсім көрсеткішін бұдан да ары ілгерілету керек екенін айтты. Өңір басшысының сөзіне қарағанда, биылғы өсім 3,3 пайызға артқан, дегенмен, бұл қанағат тұтып, қарап отыратын кқрініс емес, одан да асыруға мүмкіндіктер бар, солардың жолын қарастыру керек.

Әкімнің өзі төрағалық еткен облыстың арнайы жиынында ауыл шаруашылығы, оның ішінде осы тұқым шаруашылығы сөз болды. Мұндай жиын қазір облыс орталығында ғана емес, жер жерде өтіп жатыр. Өйткені, жақында ғана Жамбыл облысы республика бойынша алдыңғылардың бірі болып көктемгі егіс науқанын аяқтады. Міне, сондағы егіс жұмыстарының қорытындысы қаралған жиында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов, «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Нұрғали Көрпебаев, «Қазсушар» РМК филиалының директоры Қазыбек Бедебаевтар бастап, аудан әкімдері қостап, кезек-кезек сөз алып, есеп берді.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Амановтың сөзіне қарағанда биыл облыс  бойынша 768,5 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліпті. Бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 46,8 мың гектарға артық тұр. Басқарма басшысы, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша барлық бағытта егістік алқаптарының ұлғайған. Егістіктерге салынған дақылдардың 12 пайызы элиталық тұқымға жатады.

Дегенмен, мұның бәрі болдым-толдым дейтін көрсеткіш емес, сол себепті Бердібек Сапарбаев облыстың әр ауданында тұқым өсіретін шаруашылықтар мен сорттарды сынау зертханаларын құруды, сондай-ақ, жергілікті тұқым өндірушілерге жан жақты қолдау көрсетуді тапсырды. Зертхана дегенде ғылыми-зерттеу институтымен ынтымақтастықта жұмыс жасау мәселесі еске түседі. Қазір, тұқымды асылдандыру, аз жерден көп өнім алу, өнімнің сапасы мен көлемін арттыру бойынша шаруашылықтар арнайы ғалымдармен ақылдаса отырып, ғылыми жаңалықтар пен жаңа технологиялардан уақтылы хабардар болып отыруға тиіс. Осы мәселелерді айтқан облыс әкімі ғылыми-зерттеу институттарымен әріптестікте жұмыс істейтін шаруашылықтардың тізімін жасау керек екенін де ескертті. Шынында, бұл тізімді жасаудың маңызы зор, өйткені, алдағы уақытта бүкіл шаруашылықтар осы жолға келуге тиіс. Ал, қазіргі озық ойлы фермерлер өзге әріптестеріне үлгі болуы керек. Бұл мәселе бойынша сөз алған басқарма басшысы Қайрат Аманов бұл бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын, қазір Алматы облысының «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС мамандарымен бірге біздің облыстың әр ауданында шаруа қожалықтары анықталып, күздік бидайдың жаңа сорттарын енгізу жұмыстары ұйымдастыруды қолға алғанын жеткізді. 

Жиында импорт тауарларға тәуелділікті азайту мәселесін де алға тартты. Жалпы, импортқа тәуелділікті азайту мәселесі бір бүгін ғана сөз болып жүрген мәселе емес, бұл соңғы кездері әр түрлі деңгейде жиі сөз болып, жиі айтылып жүрген бастама екенін айта кетуіміз керек. Осыған орай аудан әкімдеріне техникаларды жаңартуға қатысты бекітілген индикаторларды орындау бойынша жұмысты жандандыра түсуге тиіс. Әкім биыл әрбір ауданда су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша индикатор енгізілгенін тағы бір ескертті. Айта кету керек, соңғы кездері суды үнемдеу, ысырап етпеу мәселесі жиі көтеріліп жүр. Бұл тек бір облыс көлемінде ғана емес, республика, тіпті, халықаралық деңгейде сөз болып жүргенін ескеруіміз керек. Облыста бүгінгі таңда жаңа технологиялар 40,5 мың гектарға енгізіліп, жоспар 101,2 пайызға орындалған.

«Тұқым шаруашылығы басым бағыттардың біріне айналуға тиіс. Ауыл шаруашылығы дақылдары өндірісінің ұлғаюы және өнімділігінің артуы сапалы тұқымдарға байланысты. Отандық тұқым шаруашылығын дамыту үшін нақты шаралар қабылдап, осы саланы қолдау үшін жергілікті инвестицияларды тарту қажет. Кемшіліктерді талдап, оларды тез арада жою қажет. Сіздерден нақты шараларды күтемін», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Жиын соңында Бердібек Сапарбаев мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау бойынша әр түрлі бағытта жұмыстар атқарылуы керек екенін ескерте келе, бірқатар нақты тапсырмалар берді. Соның ішінде, суару жағдайын қадағалауды және каналдардағы жөндеу жұмыстарын аяқтауды тапсырып, жауапты ведомстволардың туындаған мәселелр болса жасырып қалмай, айтып, оны шешу алгоритмдерін әзірлеу керек екенін ескертті.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан ішінде көшкендер енді басқа аймақта жұмыс істей алмауы мүмкін

21.10.2024

«Жылыжайлар астанасында» ірі кешеннің құрылысы жүріп жатыр

21.10.2024

Фермерлер Президентке хат жолдады

21.10.2024

Шымкенттің инвестициялық тартымдылығы артып келеді

21.10.2024

Әлемдік нарықта арпа-бидай бағасы өсіп келеді

20.10.2024

Қазақстанда академиялық хаб құрылады

18.10.2024
MalimBlocks
Қазақстан ішінде көшкендер енді басқа аймақта жұмыс істей алмауы мүмкін

Еңбек министрлігі тиісті өзгерісті ашық талқылауға шығарған

«Жылыжайлар астанасында» ірі кешеннің құрылысы жүріп жатыр

«Alsera kz» ЖШС жылыжай кешені «Бозарық» индустриялық аймағында салынбақ

Фермерлер Президентке хат жолдады

Мемлекеттік қолдаудың арқасында биыл мол өнім алынған

Шымкенттің инвестициялық тартымдылығы артып келеді

2023 жылдың қорытындысы бойынша қала экономикасына 661,7 млрд теңге инвестиция тартылып, өнеркәсіптік кәсіпорындар шығарған өнім көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асты

Әлемдік нарықта арпа-бидай бағасы өсіп келеді

Бұл отандық өндірушілерге қолайлы жағдай туғызып отыр

Қазақстанда академиялық хаб құрылады

Білім және ғылым мен инновация салаларындағы ынтымақтастықты ұлғайтудың маңызы зор