Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтың ісі сотқа түсті

Қоғам
Экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтың ісі сотқа түсті

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты іс қылмыстық соттың қарауына жіберілді. Бұл туралы елорда сотының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Malim.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Іс «өте құпия» деген белгімен келіп түсті», – деп хабарлады қалалық соттан.

Еске сала кетейік, Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрлігін 2019 жылдан бастап басқарды. Ол лауазымынан Қаңтар оқиғаларынан соң, 2022 жылы босатылған еді

Бұрынғы Ішкі істер министрі биыл 30 сәуірде ұсталған еді.

2 мамырда Бас прокуратура бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың екі айға қамалғанын хабарлады.

Фото: gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу