Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ел шығысындағы бір ауылда ауа температурасы минус 56 градусқа дейін төмендеді

Экология
Ел шығысындағы бір ауылда ауа температурасы минус 56 градусқа дейін төмендеді
Фото: instagram/renatkurmambaev

Шығыс Қазақстан облысында қақаған аяз сақталып отыр, өңірде қыс температура рекордтарын орнатып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, әкімдік деректеріне сүйенсек, 17 қаңтар күні таңертең Марқакөл ауданындағы Шанағаты ауылында (бұрынғы Орловка) ауа температурасы минус 56 градус болған.

Алтай ауданындағы Парыгино ауылында бұған дейін ауа температурасы минус 45 градусқа дейін төмендеп, кейін минус 53 градус аяз тіркелген.

Ауыл тұрғындары экстремалды ауа райы жағдайына алдын ала дайындалған. Бұл туралы Алтай ауданының әкімі Ренат Курмамбаев хабарлады.

«Ауылдық округ әкімі Ғани Түлеков елді мекен тұрғындарының экстремалды ауа райы жағдайына алдын ала дайын екенін атап өтті. Әлеуметтік нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, жұмыс барысында іркілістер тіркелген жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда», – деп жазды Курмамбаев Instagram парақшасында.

Бұған дейін ШҚО-да 62 градус аяз болып жатқаны жайында ақпарат тараған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу