Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енді мерекелер тізіміне тазы мен төбет күні қосылмақ

Экология
Енді мерекелер тізіміне тазы мен төбет күні қосылмақ

Қазақстанда 3 қыркүйек Тазы мен төбет күні ретінде ресми бекітілді. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкіметтің 2017 жылғы 31 қазандағы қаулысына өзгерістер енгізіліп, Қазақстандағы мерекелік күндер тізімі «3 қыркүйек – Қазақы ит тұқымдары күні» деген тармақпен толықты.

Министрліктің мәлімдеуінше, бұл мерекені енгізу – қазақ халқының мәдени мұрасын, тарихын және дәстүрін дәріптеуге бағытталған маңызды қадам. Сондай-ақ, мереке этнография мен ұлттық мәдениетке қызығатын туристердің назарын аударуға ықпал етеді.

Тазы мен төбеттің маңызын арттыру, кинология саласын дамыту және онымен байланысты салалардың өркендеуі жаңа жұмыс орындарын ашуға, салықтық түсімдерді арттыруға және экономикалық өсімге оң әсерін тигізеді, – деп атап өтті министрлік.

Қазақы ит тұқымдары күні аясында дәрістер, семинарлар, көрмелер мен жарыстар ұйымдастырылады. Бұл шаралар ит асыраушылар мен кинологиялық ұйымдарға тәжірибе алмасуға, қазақы ит тұқымдарының ерекшеліктерін зерттеуге және оларды сақтау мәселесін көтеруге мүмкіндік береді.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу