Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енді тәртіп бұзған қазақстандықтардың кешірім сұраған видеосы түсірілмейді

Сұқбат
Енді тәртіп бұзған қазақстандықтардың кешірім сұраған видеосы түсірілмейді

Тәртіп бұзған қазақстандықтардың көпшілік алдында кешірім сұраған видеолары енді түсірілмейді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев айтты.

 «Біз жалпы ақпараттық кеңістікті талдап жатырмыз. Оның ішінде әлеуметтік желі пайдаланушыларының, халықтың пікірін зерттейміз. Қазір айыптылар жауапқа тартылса да, полиция оларды күштеп кешірім сұрататындай көрінеді. Жоқ, олай емес, олар өз еркімен кешірім сұрайды. Жағдайды жеңілдету үшін видеоға түсірілетін еді, бірақ бұл керісінше әсер берді. Халық кешірім сұраған айыптылар жазадан сытылып кетеді деп ойлайды», - деді Шыңғыс Әлекешев журналистермен өткен кездесуде.

Оның айтуынша, енді кешірім сұраған видео кейіпкерлерінің қоғамдық жұмысты қалай орындап жатқаны көрсетіледі. 

Сондай-ақ, кешірім сұрағысы келгендер видеосын өз парақшасында жариялауға болатынын айтты.

 

Фото: Интернеттен 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу