Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Есімовтің күйеу баласы Jýsan банктің акциясын сатып алды

Сұқбат
Есімовтің күйеу баласы Jýsan банктің акциясын сатып алды

Қазақстандық олигарх Ғалымжан ЕСЕНОВ Jýsan-банктің 20% жуық акциясын сатып алды. Бұл туралы Malim.kz «First Heartland Jýsan Bank» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«АТФ банктің бұрынғы акционері Ғалымжан Есенов  Jýsan банктің ірі акционері атанды. Ол банктің 19,97% акциясын сатып алған. Сатып алу жөніндегі екі жақты келісімді  ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мақұлдаған», - делінген хабарламада.

2019 жылы Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВТЫҢ иелігінде болған  «Цеснабанк» Jýsan банк болып аты өзгерген еді. 38 жастағы олигарх Ғалымжан Есенов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Ахметжан Есімовтің күйеу баласы. 2007 жылы Айжан АХМЕТЖАНҚЫЗЫНА үйленген болатын.

Форбс журналының жазуынша, Қазақстандағы ең ықпалды 50-бизнесменнің тізіміне кірген.

Фото ғаламтордан алынды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу