Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Грек-рим: Азия чемпионатында қазақстандық жастар 3 алтын алды

Спорт
Грек-рим: Азия чемпионатында қазақстандық жастар 3 алтын алды

Вьетнамның Вунгтау қаласында күрес түрлерінен 17-23 жас санатындағы балуандар арасында Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні өтті.


18 маусымда грек-рим күресінен 7 салмақта үздіктер белгілі болды. Олардың арасында 23 жасқа дейінгі ұлттық құрама мүшелері 3 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдеге қол жеткізді. 

Ел құрамасынан Исхар Құрбаев (60 келі), Бағдат Сабаз (67 келі), Ақжан Ықыласов (77 келі) чемпион атанса, Юсуф Мациев (97 келі), Джохар Узаров (130 келі) күміс, Диас Қалтай (82 келі) қола жүлдеге қол созды.

Бүгін, 19 маусымда ел құрамасынан Ерасыл Мамырбеков (55 келі), Ондасын Хамитов (63 келі), Серғазы Әбдіқадыр (72 келі), Мақсат Сайлау (87 келі) жүлделерді сарапқа салады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу