Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ядролық соққыдан тығылатын жерді жасаған адамдарға парақор деген айып тағылды

Әлем
Ядролық соққыдан тығылатын жерді жасаған адамдарға парақор деген айып тағылды
ФОТО: ©kyiv24.news

Мәскеуде ядролық соққы кезінде тығылатын бункерді жасаған адам ұсталды. Бұл туралы DW басылымы жазыпты.

Қорғаныс амалдарын жетілдіру жөніндегі бүкілресейлік ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Николай Посохов өзінің орынбасары Игорь Сосуновпен бірге қамауға алыныпты. Оларға ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр. Тергеушілер Посоховты үйқамаққа жіберуді, ал Сосуновты түрмеге жіберуді сұрапты. Екеуіне де 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі бар.

Аталған ұйым 2015-2024 жылдар аралығында Ресей төтенше жағдайлар министрлігіне "Куб-М" атты бункер жобалап беріпті. Оның әдеттегі қалпына 54 адам сыятын, оған қоса техникалық блогы да болған. Бункерді бір жарым жылдан бері Нижегород облысының Дзержинск қаласында өндіріп те жатыр екен. Мұндай бункер бомбалар мен зымырандардың соққысынан сақтап, радиациядан қорғауы тиіс екен. Сонымен бірге ядролық, химиялық және биологиялық қарудан да араша болуы керек екен. Ұсталып отырған Посохов кезінде мұндай бункердің тура түскен америкалық HIMARS зымырандарынан, сонымен бірге - ядролық соққының салдарынан да қорғай алатынын мәлімдепті.

Қазір аталған басшыларға парақорлық айыбы тағылғанынан басқа мағлұмат жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу