freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ипотекалық қарыздар бойынша шекті ЖТСМ 2027 жылға дейін өзгермейді

Қоғам
Ипотекалық қарыздар бойынша шекті ЖТСМ 2027 жылға дейін өзгермейді
Dzen.ru

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) шекті деңгейін айқындауға қатысты бірлескен қаулы жобасын «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарды.

Құжатқа сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ипотекалық несиелер бойынша ЖТСМ мөлшері кредит сомасының кепіл құнына қатынасын көрсететін LTV коэффициентіне байланысты белгіленеді.

Егер LTV көрсеткіші 0,7-ге дейін немесе оған тең болса, шекті мөлшерлеме 20 пайыз болады. Ал бұл көрсеткіш 0,7-ден жоғары болған жағдайда ЖТСМ 25 пайыз деңгейінде сақталады.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 шілдеден 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша шекті ЖТСМ мөлшері өзгеріссіз қалып, 25 пайызды құрайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу