freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Юлия Путинцева Римдегі WTA 1000 турнирінде жүлдесіз қалды

Спорт
Юлия Путинцева Римдегі WTA 1000 турнирінде жүлдесіз қалды
Ашық дереккөзден

Қазақстанның әйелдер арасындағы екінші ракеткасы Юлия Путинцева Италия астанасы Рим қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің алғашқы айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Отандық теннисшінің қарсыласы әлемдік рейтингте 48-орында тұрған чехиялық Тереза Валентова болған еді. Екі сетке созылған матч 3:6, 2:6 есебімен Путинцеваның жеңілісімен аяқталды.

Кездесу 1 сағат 20 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Путинцева бір эйс жасап, үш рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ ол төрт брейк-пойнттың тек біреуін ғана тиімді пайдаланды.

Осылайша, Юлия Путинцева турнирдегі өнерін бірінші айналымда аяқтады. Ал Тереза Валентова келесі кезеңде әлемнің төртінші ракеткасы Коко Гауффпен кездеседі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу