freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Каспий жағалауында тәртіп бұзған өзбекстандық блогер жазаланды

Қоғам
Каспий жағалауында тәртіп бұзған өзбекстандық блогер жазаланды
Фото: видеодан кадр

Өзбекстандық блогер Илхомжон Йолчиев Маңғыстау облысында Каспий теңізіне джиппен кіріп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға Бозжыра маңында болған. Блогер Instagram парақшасында Каспий жағалауында көлік жүргізген сәттерін жариялаған. Ал әлеуметтік желідегі buzyqmedia парақшасы оның көлікпен тікелей теңізге кіріп кеткенін көрсететін видеоны таратты.

Сондай-ақ, авторлар блогер жағалауда тәртіп бұзғанын алға тартты.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы ("Елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу") бойынша жауапкершілікке тартылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу