freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кей өңірде 40 градусқа дейін аяз болады

Экология
Кей өңірде 40 градусқа дейін аяз болады
Фото: pixabay

2026 жылғы 27 ақпан, жұма күніне арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамды синоптиктер ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазгидромет РМК дерегінше, түнде республиканың екі өңірінде қатты аяз күтіледі:

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында – -40°С-қа дейін;

Қарағанды облысының шығысында – -35°С-қа дейін.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон сілемінің ықпалында болады. Соның әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады.

Ал оңтүстік өңірлерде, сондай-ақ елдің орталығы мен шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын түседі, оңтүстік өңірлерде кей уақытта нөсерлі жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ пен боран болжанып отыр.

Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жел екпіні кей уақытта 25-28 м/с-қа дейін жетеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу