Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кореядағы ұшақ апатынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

Оқиға
Кореядағы ұшақ апатынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апатынан қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Корея билігінің алдын ала мәліметтері бойынша ұшақ апатынан қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деді ол.

Айта кетейік, Муан қаласындағы әуежайда 181 жолаушысы бар жолаушылар ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып, қоршау қабырғасымен соқтығысып, жарылып, өртеніп кетті. Қаза тапқандар жайлы расталған ақпарат әуелде 62, кейін 85 адам болған. Қазір басқа әлемдік ақпарат құралдары олардың саны 179 адамға жеткенін жазып жатыр.

Фото: Yonhap

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу