Ақтауда хиджаб киіп, «автомат асынған» қыздар анықталды

Полиция ата-аналарын жауапқа тартты

Мәди Саматұлы

  • 28.07.2024

Ақтау түнде хиджаб киіп, көшедегі жұртты шошытқан қыздарды полиция анықтады. Қыздардың Tik-Tok әлеуметтік желісінде жарияланған теріс қылығы жайлы Lada жазған еді. Онда хиджаб киіп, ойыншық автомат ұстаған екі қыз қала көшелерімен жүрген, деп хабарлайды Malim.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, тексеру шараларын жүргізу барысында осы оқиғаға қатысы бар адамдар ұсталып, полицияға жеткізілген.

Ақтаудың 15 жастағы тұрғыны 26 шілдеде сағат 22:30 шамасында өзінің 17 жасар құрбысымен кездесіп, одан кейін «Ақбота» саябағында ойыншық автоматтарын сатып алады. Бейнеконтент жасау үшін олар өздерін түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Осы қылығы үшін қыздардың ата-аналары жауапқа тартылған.

Жасөспірімдердің заңды өкілдері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс жүруі, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Профилактикалық әңгіме жүргізіліп, қыздар профилактикалық есепке қойылған.

Фото: lada.kz

Байланысты жаналықтар

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

06.05.2025

Ақтау көшелерінде аш жүрген жыртқыш байқалды 

06.05.2025

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

04.05.2025

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

29.04.2025

Ақтауда тұрғындар жақында салынған спорт алаңының сапасына шағымданды

25.04.2025
MalimBlocks
Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

Жиын барысында қыз баланың инабаттылығы, киімі мен жүріс-тұрысы туралы уағыз-насихат айтылған