Елімізде VIN-кодтарды қолдан жасайтын ірі қылмыстық схема әшкереленді

Арман Қайыпхан

  • 16.01.2025

Абай облысында ІІМ-нің арнайы бөлімшесінің қатысуымен көлік кузовы мен шассиінің идентификациялық нөмірлерін қолдан жасауға байланысты қылмыстық схема әшкереленді, деп хабарлайды Malim.kz.

Заңсыз іс-әрекеттер Семей қаласындағы техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде жүргізілген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Алматы қаласының 40 жастағы тұрғыны болып шықты.

Жедел тінту кезінде лазерлі принтері бар жабдық, ноутбук, үш ұялы телефон, сондай-ақ идентификациялық деректерін өзгертуге дайындалған тоғыз көлік тәркіленді. Қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтау үшін қосымша дәлелдер сараптамаға жіберілді, деп хабарлады Абай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, көлік кузовы, шассиі, қозғалтқышының нөмірлерін, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу белгілерін қолдан жасау немесе жою фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті төрт жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге мүлкін тәркілеумен бірге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Тергеу барысында қылмыстық әрекеттердің барлық мән-жайы мен басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады. Бұған дейін Алматыда да арнайы операция жүргізілген. Екі тұрғын ұрланған көліктердің VIN-кодтарын өзгертіп отырған.

Полицияның мәліметінше, көлік кузовы, шассиі, қозғалтқышының нөмірлерін, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірлерін қолдан жасау немесе жою фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеуге алынған күдіктіге төрт жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге мүлкін тәркілеумен бірге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Абай облысының полиция департаментінің хабарлауынша, тергеу барысында қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайы және басқа да ұқсас құқықбұзушылықтарға қатысы бар-жоғы анықталатын болады.

Фото: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

16.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

11 млн теңге тұратын мүлік. Екібастұзда қарақшылар күзет мекемесіне басып кірген

11.04.2025

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

11.04.2025

Тағы бір қайырымдылық қорының басшысы ұсталды

10.04.2025

Күзетшіні көлікпен басып өлтірген жігітке сот үкімі шықты

09.04.2025
MalimBlocks
«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

Ол жолда қалып қойған.

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

11 млн теңге тұратын мүлік. Екібастұзда қарақшылар күзет мекемесіне басып кірген

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

Полиция Қазақстанда көлік тізгіндегендерге қатысты жас шектеуі мен тыйымдар туралы айтты

Тағы бір қайырымдылық қорының басшысы ұсталды

Күзетшіні көлікпен басып өлтірген жігітке сот үкімі шықты