Көпбалалы отбасы балаларына төлемақы бермеген колледждер анықталды

Студенттерге жалпы сомасы 4,7 млн теңге өтемақы аударылды

Malim Админ

  • 03.09.2024

Балқаш қаласының прокуратурасы көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге және басқа қалалардан келген студенттерге өтемақы төлеуде заңбұзушылықтар болғанын анықтады.


Тексеру барысында Балқаш қаласының прокуратурасы екі колледж көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге тиісті өтемақы бермегенін анықтады.

Заңға сәйкес мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын көп балалы отбасынан шыққан студенттер, жан басына шаққандағы орташа табысы мемлекет белгілеген деңгейден аспаса, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуге құқылы.

Ыстық тамақ берілмеген жағдайда колледждер студенттерге білім басқармасы белгілеген тамақ құны көлемінде өтемақы төлеуге міндетті.

Қабылданған қадағалау шараларының нәтижесінде көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге жалпы сомасы 4,7 млн теңге өтемақы аударылды.

Мемлекеттік критерийге сәйкес келетін барлық студенттерге тиісті төлемақы бұдан әрі тұрақты негізде аударылады.

Сонымен қатар, басқа жерде тұратын, алайда Балқаш қаласындағы колледжде оқитын студенттердің қысқы және жазғы демалыс кезіндегі жолақы өтелуі керек.

Тексеру барысында колледждердің басқа жерде тұратын студенттерге қысқы кезеңде қажетті өтемақы төлемегені анықталды.

Прокурорлық қадағалау нәтижесі бойынша бір миллион теңгеден астам төлем толығымен аударылды. 

фото: Nur.kz.П.Карандашов 

Байланысты жаналықтар

Түркістан халқының 90 пайызға жуығы газбен қамтылады

20.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі Астана әкімдігіне берілетін болды

28.04.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 12-ші хат

19.04.2025

Атаулы әлеуметтік көмек алу ережелері өзгертілмек

17.04.2025

47 жыл өлім жазасын күткен ер адам қомақты өтемақы алатын болды

25.03.2025
MalimBlocks
Түркістан халқының 90 пайызға жуығы газбен қамтылады

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі Астана әкімдігіне берілетін болды

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 12-ші хат

Күнi eртeң oлар мұнай, алтын, фoсфoр, мыс сeкiлдi сапасы да, бағасы да жoғары өнiмдeрдi жанын салып өндiрe бастаған сoң (oларға жeңiлдiк мoл) шаш-eтeктeн байлыққа батады. Eртeң oл кeн oрындарының қазынасын түгeл қoпарып, суалған сиыр сeкiлдi қаңыратып кeтпeсe бoлды.

Атаулы әлеуметтік көмек алу ережелері өзгертілмек

47 жыл өлім жазасын күткен ер адам қомақты өтемақы алатын болды

Жапонияда өлім жазасын 47 жыл күткен Ивао Хакамада есімді азамат кінәсіз деп танылды. Нәтижесінде үкімет оған 217 миллион иен шамамен 1,44 миллион доллар (500 миллион теңгеден аса) өтемақы тағайындады