Кредит алғандардың құқығы қорғалады

30 күн ішінде микроқаржы ұйымдары міндетті түрде орындауы керек

Malim Админ

  • 17.12.2024

Елімізде микроқаржылық ұйымдармен қарыз алушылар арасындағы соталды дауларды шешу үшін Микроқаржылық омбудсмен институты құрылатын болады, - деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.  


Институт 21 желтоқсаннан бастап жұмысын бастайды. Омбудсмен қызметтері жеке тұлғалар үшін тегін. 

"Микроқаржылық омбудсмен қазақстандықтардың микрокредиттерге байланысты дауларын қарастырады, оның ішінде мерзімі өткен қарыздарды реттеу және коллекторлық агенттіктермен даулар. (...) Ол сотқа жүгінбей дауларды шешуге ықпал ететін тәуелсіз төреші ретінде әрекет етеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, омбудсменнің қарыз алушының пайдасына қабылдаған және қарыз алушы тарапынан мақұлданған шешімдері 30 күн ішінде микроқаржы ұйымдары үшін міндетті түрде орындалуға тиіс - егер тараптар арасында өзгеше келісім болмаған жағдайда.  

Дегенмен, микроқаржылық омбудсмен сотқа берілген немесе заңды күшіне енген сот актілері бар істерді, сондай-ақ дәлелденбеген жағдайлары бар өтініштерді немесе жаңа жағдайлар болмаған жағдайда қайта жолданған өтініштерді қарамайды.

1 қазанға дейінгі мәліметтер бойынша, Қазақстанда 220 микроқаржылық ұйым, 215 кредиттік серіктестік және 497 ломбард бар.

Фото: Malim.kz 

 

Байланысты жаналықтар

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Елімізде балалардың құқығын қорғайтын бөлек басқарма құрылды

13.05.2025

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

11.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Жеке сот орындаушылар аккредитациядан өтуге міндеттелмек

10.05.2025
MalimBlocks
Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Елімізде балалардың құқығын қорғайтын бөлек басқарма құрылды

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

Конституциялық заңға өзгеріс енгізіледі

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Жеке сот орындаушылар аккредитациядан өтуге міндеттелмек

Қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін қатаң санкциялар белгіленеді