Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты

Жазасының қалған мерзімін Алматыдағы пробациялық бақылауда өткізеді

Malim Админ

  • 04.09.2024

Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты. Бұл туралы Kozachkov offside Telegram-арнасы хабарлады.

Қайрат Сатыбалды сыбайлас жемқорлық үшін 6 жылға сотталған еді. Сот оның шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырды.

Жазасының қалған 3 жыл 3 ай және 7 күн мерзімін Алматыдағы пробациялық бақылауда өткізетін болды.

Түрмеден шыққан ағасын інісі Самат Әбіш қарсы алып алды. Оған да сот 8 жыл шартты жаза тағайындаған.

Айта кетсек, Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың наурыз айында «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деген күдікпен ұсталып, қамауға алынған.  Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты оны мүлкін тәркілей отырып 6 жылға соттады.

Сондай-ақ биыл тамызда Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға сот үкімі шығып, 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Фото: orda.kz

Байланысты жаналықтар

Танымал кәсіпкер Алмасбек Садырбай қамауға алынды

06.11.2024

Гүлмира Сатыбалды 12 жылға сотталды

29.08.2024

Қайрат Сатыбалды түрмеден шығатын болды

16.08.2024

Қазақстанға құны 1 триллион теңгеден асатын активтер қайтарылды

14.08.2024

Антикор Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген ақшаның есебін берді

12.08.2024

Астанада спортты дамыту дирекциясының бұрынғы басшысы сотталды

23.07.2024
MalimBlocks
Танымал кәсіпкер Алмасбек Садырбай қамауға алынды

Оған 1,2 млрд теңгеден астам қаражат ұрлады деген айып тағылды

Гүлмира Сатыбалды 12 жылға сотталды

Ал көмекшісі тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.

Қайрат Сатыбалды түрмеден шығатын болды

Қазақстанға құны 1 триллион теңгеден асатын активтер қайтарылды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады

Антикор Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген ақшаның есебін берді

Оған тиесілі 661,5 млн АҚШ доллары шет елдерден қайтарылған

Астанада спортты дамыту дирекциясының бұрынғы басшысы сотталды

Ол қарамағындағы қызметкерден 4 млн теңге көлемінде пара алған