Қырғызстанда қазақстандық кәсіпкерге іздеу жарияланды

Ясынжан Таировқа Қамшыбек Асанбектің (Қамчы Көлбаев) ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландыру дерегі бойынша іздеу жарияланған

Malim Админ

  • 12.08.2024

Бұл туралы  Malim.kz  Қырғызстан МҰҚК мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды. МҰҚК комитеті мәліметінше, қазақстандық кәсіпкер және "Симирам" демалыс орталығының иесі Ясынжан Таировқа Қамшыбек Асанбектің (Қамчы Көлбаев) ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландыру дерегі бойынша іздеу жарияланып отыр.


Арнайы қызметтер кәсіпкер Ясынжан Таировтың "Братский круг" халықаралық қылмыстық тобына кірген Қамчы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландыру дергін анықтаған.

Таиров Қамчы Көлбаевтың қылмыстық әрекетін біле тұра, онымен бірлескен бизнес жобаларын жүзеге асыру үшін байланыс орнатқан. Кәсіпкер оған 200 мың доллар берген. Демалыс орталығының қожайыны ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне коттедждер мен бөлмелерді үнемі беріп отырған.

«Я. Таировқа қатысты жиналған материалдардың негізінде Бішкек Октябрь аудандық сотының қаулысы бойынша сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған, сондай-ақ ол қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін іздестіруге, оның ішінде мемлекетаралық және Интерпол ҰБО желісі бойынша жарияланды», - деп жазылған хабарламада.

Фото: knews.kg

Байланысты жаналықтар

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Қырғызстан мен Тәжікстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр

08.05.2025

Алматыдан 544 шақырым қашықтықта жер сілкінді

06.05.2025

Ақмола облысында алты жасар бала бес күннен бері табылмай жатыр

05.05.2025

Алматы облысында жер сілкінді

01.05.2025
MalimBlocks
Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Қырғызстан мен Тәжікстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр

Бішкектегі парадқа 3 мың әскери қызметкер, ал Душанбеде 4,5 мың адам қатысып жатыр

Алматыдан 544 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Ақмола облысында алты жасар бала бес күннен бері табылмай жатыр

Алматы облысында жер сілкінді