Рөлі оң жақта орналасқан көліктерге қатысты ескерту жасалды

Арман Қайыпхан

  • 26.09.2024

2025 жылдан бастап елімізде рөлі оң жақта орналасқан көлік иелеріне электронды қызметтер арқылы жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады, деп хабарлайды Malim.kz.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Indriver, Яндекс телефон қосымшасында клиенттері бар рөлі оң жақта орналасқан көлік құралдары қосымшалардан шығарылады, – деді Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және  көліктік бақылау комитетінің өкілі Тілеген Жәдігеров.

Аталған жаңашылдық оң жақтағы рөлін сол жаққа ауыстырған көлік иелеріне де қатысты. Автобрендтердің ресми өкілдері рөлді оң жақтан сол жаққа ауыстыруға қатаң тыйым салады. Өйткені олардың құрылымы жол апатына себеп болып, жолаушылардың өміріне қауіп төндіреді дейді сарапшылар. 

Ал оң жақ рөлді автокөліктердің иелері мұндай жаңашылдықпен келіспейді. Олардың айтуынша, жол апатына көліктің құрылымы емес, жүргізушінің жауапсыздығы себеп. 

Жас шектеуін қою керек. 30 жастан төмен жүргізушілерге қала арасында жүруге тыйым салу керек. Жол апаты көбіне жылдамдықты шектен тыс асырғаннан болады, – дейді жүргізушілердің бірі.

Қазақстанда үш жүз мыңнан астам оң рөлді көлік жүреді. Көлік иелерінің көпшілігі жолаушыларды ұзақ қашықтыққа тасымалдаумен айналысады. 

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

14.05.2025

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

05.05.2025

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

04.05.2025

Көлік бір топ адамды қағып кетті: полиция мәлімдеме жасады

27.04.2025

Астанада көше ортасында көлік өртенді

21.04.2025

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

16.04.2025
MalimBlocks
Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

Tesla аккумуляторлар мен чиптерді әзірлеуден бастап БЖ-ны шығарып, тікелей сатуға дейінгі бүкіл өндірістік циклды бақылайды

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

Көлік бір топ адамды қағып кетті: полиция мәлімдеме жасады

Астанада көше ортасында көлік өртенді

Елордалық өртсөндірушілер өртеніп жатқан көлікті сөндірді

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

Ол жолда қалып қойған.