Семей орманындағы өрт бойынша бүкіл қылмыстық іс аяғына жетті

Мәди Саматұлы

  • 22.01.2025

Бас прокуратураның арнайы прокурорлары «Семей орманы» өртіне қатысты барлық қылмыстық істің соңғы нүктесін қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бас прокуратура мәлімдеуінше, «Семей орманы» МОТР» РММ өрттің сөндіруін қамтамасыз етпеген уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталған.

Резерваттың Бас директорының міндетін атқарушы мен Новошулбинск филиалының директорына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберіліп, оның шешімімен фигуранттар 2024 жылғы мамырда абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі), әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

2024 жылғы тамызда Абай облыстық апелляциялық соты үкімді өзгеріссіз, сондай-ақ, сотталғандардың, адвокаттардың және қорғаушылардың шағымдарын қанағаттандырусыз қалдырған.

2024 жылғы қазанда келесі қылмыстық іс бойынша Семей қаласының №2 соты Резерваттың ақпараттық технологиялар және байланыс бөлімінің бастығын абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық дерегі (ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігі) бойынша мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 3 жыл мерзімге лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.

Сондай-ақ, былтыр қазанда Бородулиха аудандық сотының шешімімен «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» РМҚК бас директорының міндетін атқарушысына қатысты шешім шықты. Оны мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 2 жыл мерзімге лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігімен 2 жылға бас бостандығынан айыруға үкім еткен.

Осылайша, барлық кінәлі тұлға әр түрлі мерзімге жаза арқалап, сотталды.

Сонымен қатар, Бас прокуратураның ұсынуымен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің 10 қызметкері де түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Қадағалау мекемесі орман және қоршаған ортаны қорғау ұйымдарының қызметкерлерін әлеуметтік қорғау деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізген.

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Байланысты жаналықтар

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

15.04.2025

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

15.04.2025

Темірлан Еңсебек 5 жылға шартты түрде сотталды

11.04.2025

Лотерея ұйымдастырған блогерлерге қылмыстық іс қозғала ма?

10.04.2025

Шерзат Полаттың жүрек тұсына пышақ сұққан - прокурор

10.04.2025

Нығматулиннің ұлы рейдерлік бойынша күдікті деп танылмады

09.04.2025
MalimBlocks
Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт сөндіру алгоритмін орындамау деректері бойынша тергеу жүргізуді тапсырды

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

ТЖМ: жаз құрғақ болады деп күтілуде Төтенше жағдайлар министрлігі биыл жазда құрғақшылық болатынын болжады

Темірлан Еңсебек 5 жылға шартты түрде сотталды

Лотерея ұйымдастырған блогерлерге қылмыстық іс қозғала ма?

Қазақстанда кейбір блогерлерге қатысты тексерулер басталады

Шерзат Полаттың жүрек тұсына пышақ сұққан - прокурор

Бұл іс бойынша сот отырысы Талдықорғанда өтіп жатыр.

Нығматулиннің ұлы рейдерлік бойынша күдікті деп танылмады