457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шерзат соты: 9 сотталушыға үкім шықты

Шерзат Болат ісі бойынша барлығы 9 адам сотталушы ретінде заңға тартылған. Олардың ішінде біреуі кәмелетке толмаған.

Сот үкімімен:

Абзал Шынасыл – ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5, 9 және 14-тармақтары (аса қатыгездікпен, бұзақылық ниетпен, көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 1, 7 және 9-тармақтары (екі немесе одан да көп адамды бұзақылық ниетпен адамдар тобы болып адам өлтіруге оқталу) бойынша айыпталған. Сот оған түпкілікті 23 жылға жаза тағайындады.

Равиль Сакиев 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бап 3-бөлігі – 99-бап 2-бөлігі 7 және 9-тармақтары (адам өлтіруге оқталу) бойынша 20 жылға сотталды.

Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша  7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Нұрқияс Ілиясов қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бабымен 9 жылға сотталды.

Азамат Тоқтаубаев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бап 1-бөлігі (ұрлық) бабымен 15 жылға сотталды. Сот оның бұрынғы жазасымен бірге түпкілікті үкім кесті.

Кәмелетке толмаған Думан Ысқақ 434-бап (қылмысты жасыру) бойынша айыпталған. Сот оған 1,5 жылға жаза берді.

Прокурор Абзал Шынасылды 23 жылға, Равиль Сәкиевті 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Ал қалған сотталушыға 1,5-15 жылға дейінгі мерзімге жаза тағайындауды ұсынған.  

Фото: әлеуметтік желіден