СҚО-да шетелге кеткен балаларға жәрдемақы төленіп тұрған

5 млн теңгеден астам соманы қалтаға басқан

Malim Админ

  • 18.09.2024

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы әлеуметтік төлемдер жасауда заң бұзушылықтар болғанын анықтады. 


Облыстық прокуратураның мәліметінше, әлеуметтік кодекстің 71-бабына сәйкес бірге тұратын кәмелетке толмаған үшеуден көп баласы бар көпбалалы отбасыларға ай сайын мемлекеттік жәрдемақы түрінде әлеуметтік қорғау қарастырылған.

Кодекстің осы белгіленген талаптарына қарамастан, Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсаты бар 8 шетелдік отбасы заңсыз әлеуметтік жәрдемақы алып келген. Олар балаларының басқа елге кетуіне байланысты өздерімен бірге тұрмайтынын уәкілетті органға хабарламаған. Салдарынан жәрдемақы төлене берген. Осылайша 5 млн теңгеден астам соманы алып тұрған. 

Прокурорлық қадағалау актісімен бұл отбасыларға төлемдер тоқтатылды, олардан заңсыз алынған ақшаны ерікті түрде өтеу туралы міндеттемелер алынды.

Бұдан былай мұндай фактілерді болдырмау мақсатында әлеуметтік қорғау органдары ақпараттық жүйелерді интеграциялау жөнінде шаралар қабылдайды. Нәтижесінде азаматтардың мемлекеттік шекарадан өтуі туралы деректерді алып отырмақ. 

Фото: Gov.kz 

Байланысты жаналықтар

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025
MalimBlocks
Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды