Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістанда 15 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Құқық
Түркістанда 15 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Желіде Түркістан облысында 15 жастағы қызға 33-тегі ер адам азғындық жасады деген жазба тарады. Автордың сөзінше, ол жасөспірімді қорқытып, көпқабатты тұрғын үйлердің біріне апарып, жалаңаш суретке түсірген. Содан кейін мектеп жасындағы қызға зорлық көрсеткені айтылады, деп хабарлайды Malim.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі таңда бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция жергілікті тұрғынның кәмелетке толмағанға қарсы қылмыстық іс-әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімнің жалаңаш фотосуреттері туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Полиция азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды", - деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков. 

Фото: depositphotos.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу