Жетісайда білім бөлімі қызметкерлері мемлекеттің 4 млрд теңгесін жеген

Облыстық поркуратура істің мән-жайын тексеріп жатыр

Мәди Саматұлы

  • 22.06.2024

Түркістан облысы прокуратурасы Жетісай ауданының білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Тергеу барысында аудандық білім бөлімінің басшылығы мен есепшілері өздерінің, сондай-ақ, туыстары мен таныстарының есепшоттарына белгіленген жалақыдан жоғары ақша аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын жасағаны анықталған. 2021-2023 жылдар аралығында мемлекетке 4 млрд теңгеден астам залал келтірілген.

Облыс прокуратурасының арнайы прокурорлары 41 қызметкерді, оның ішінде білім бөлімінің 2 басшысын, 1 бас есепші, 2 орынбасарын және 36 есепшіні күдікті ретінде таныды. Ауданның бұрынғы және қазіргі білім бөлімінің басшылары ұстау изоляторына жабылып, соттың санкциясымен қамауға алынды, деп жазылған ресми хабарламада.

Қазір қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастырудың барлық мән-жайы мен фактісін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілу үстінде.

Фото: aikyn.kz

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

14.05.2025

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

06.05.2025

Қазақстандық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

02.05.2025

Білім саласының тағы 11 қызметкері жемқорлық үшін сотталды

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025
MalimBlocks
ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

Ұрлық жалған келісімшарттармен және аффилирленген компанияларға ақша аудару арқылы жасалған