Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстаулық 7 мұғалім жалған құжатпен ұсталды

Білім-ғылым
Маңғыстаулық 7 мұғалім жалған құжатпен ұсталды

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының 7 педагогы білім беру мекемелерінде жалған құжатпен жұмыс істеген. Бұл туралы Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 


Бейнеу ауданы прокуратурасы жалған куәлікпен жұмысқа орналасқан педагогтарды анықтады. Білім беру сапасының заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесімен педагогтардың кәсіптік даярлықтан өту куәліктерінің жалғандығы анықталды. «Ә» есімді педагог 2024ж. наурыз айында SDU University университетінің (Алматы қ.) «Арнайы педагогика» мамандығы «логопед-дефектолог» біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлігін пайдалану арқылы, мектепте «педагог-психолог» лауазымында жұмыс жасаған. Ұқсас деректер, аудандағы орта білім беру ұйымдарындағы 6 педагогтен анықталды.Аталған әрекеттер үшін, сот үкімімен 7 педагог Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға айыппұл жазасы тағайындалды, – делінген прокуратура хабарламасында.

ҚР Бас прокуратурасы жалған құжат жасау, жасату заңдық тұрғыдан жауапкершілікке тартылатынын есертіп отыр.

Фото: 08info.kz 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу