Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мәскеуден келген 55 тонна дәрі-дәрмек бір айға жетеді

Сұқбат
Мәскеуден келген 55 тонна дәрі-дәрмек бір айға жетеді

 

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде брифингке шығып, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және гуманитарлық көмектерді таратылуы жайын баяндады.

«10 шілдеде Мәскеуден екі азаматтық бортпен жеткізілген 55 тонна дәрі коронавирустық инфекция мен пневмонияны емдеуге арналған препараттарға бір айлық қажеттілікті қамтамасыз етеді. Олардың ішінде вирусқа қарсы және дене қызуын төмендететін препараттар, антикоагулянттар мен антибиотиктер, Сондай-ақ, 150 мыңға жуық азитромицин, миллионға жуық цефтриаксон, 150 мың данасы тамифлю, 50 мың арбидол және басқа да қажетті медициналық препараттар. Дәрі-дәрмектер өңірлік дәріханаларға біркелкі үлестірілді. Осы аптада Үндістаннан ұшақ келеді. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және дәрілік заттарға деген сұранысты толықтай қанағаттандыру үшін мұндай шаралар ай сайын ұйымдастырылады», - деді Л. Бюрабекова.

Сондай-ақ, вице-министрдің мәлімдеуінше, сақтандыру жүйесінде тегін медициналық көмек көрсететін стационарлар мен емханаларды дәрі-дәрмекпен  қамтамасыз ету  «СК-Фармацияның» мойнында.

Қазіргі уақытта бірыңғай дистрибьютор ауруханаларға құны 3 млрд теңгеге жуық медициналық препараттар таратып, 3 айға қажетті резерв құру үшін отандық өндірушілерден және импорттаушылардан дәрілік заттар сатып алып жатыр екен.

«Алдағы уақытта науқастардың болжамды саны бойынша бірыңғай дистрибьютор барлық ауруханаларды жыл соңына дейін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін қоймаларды толтырады», - деді Л.Бюрабекова.

Шенеуніктің айтуынша, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және жеткізіп беру жұмыстарын мемлекет басшысы жеке қадағалуына алған.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу