freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мемлекет Михаил Шайдоров пен оның командасын жаттықтыруға қанша ақша бөлген?

Спорт
Мемлекет Михаил Шайдоров пен оның командасын жаттықтыруға қанша ақша бөлген?
Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Туризм және спорт министрлігі Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан алтын медаль алған Михаил Шайдоровты дайындауға мемлекет былтыр 263 млн теңге бөлген, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеп. 

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлім етті. Министрлік мемлекеттік қолдаудың нақты мысалы ретінде отандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың даярлығын атап өткен.

«Мәселен, 2025 жылы спортшы мен оның командасының дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған жалпы қаржы көлемі 263 394 581 теңгені құрады. Оның ішінде 19 оқу-жаттығу жиынына (8-і Қазақстанда, 11-і шетелде) 47 млн теңге, ал 5 халықаралық жарысқа қатысуға 16 млн теңге бөлінді», - деп хабарлайды министрлік.

Айта кетейік, Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында Михаил Шайдоров мұз үстінде тарихи жеңіс жасап, ел қоржынына мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш алтын салған. Еске салсақ, Қазақстанның қысқы Олимпиададағы соңғы алтын жүлдесін 1994 жылы Лиллехаммерде шаңғышы Владимир Смирнов алған болатын. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу