Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Наурыз мейрамына қандай мерекелік шаралар ұйымдастырылады?

Мәдениет
Наурыз мейрамына қандай мерекелік шаралар ұйымдастырылады?

Бүгін Астанада қалалық алаң, EXPO аумағы, «Қазақ елі» монументінің алаңы, «Бәйтерек» монументі алаңы, Орталық парк және қаланың шеткі аумақтарында Наурыз – береке бастауы іс-шаралары ұйымдастырылса, Халықаралық көрме орталығында көшпелі өркениет фестивалі және Ататүрік саябағында «Қош келдің, Әз-Наурыз» театрландырылған қойылым, қаланың орталық алаңында «Рухты тіл, қазыналы дәстүр» бесік жыры байқауы өтеді.

Сондай-ақ, Қуыршақ театрында, Музыкалық жас көрермен театрында, Жастар сарайында түрлі қойылым қойылады.

Ал Алматыда 21 наурыз күні сағат 11:00-де «НАУРЫЗ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ» мерекелік концерті Астана алаңында өтеді.

Сондай-ақ, 21 наурыз сағат 11:00-де Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аумағында және 12:00-де Абай атындағы алаңда (Республика Сарайының алды) концерт ұйымдастырылады. 

Сонымен қатар, 21-22 наурыз күндері Астана алаңында сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін танымал әртістердің қатысуымен концерт өтеді. Арбатта (Панфилов-Жібек жолы көшесі) Наурыз мейрамына арналған ойын-сауық-танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады.

 

ФОТО: Алматы әкімдігі
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу