7 бала жетім қалды: БҚО-да жол апатынан 5 адам қаза болды

Арман Қайыпхан

  • 24.08.2024

Батыс Қазақстан облысында бес адам, оның ішінде полицей жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 24 тамыз күні сағат 7.00 шамасында Жалпақтал кентінің маңындағы Казталовка-Орал тас жолында болды. Автокөлік жол бойында тұрған шөп тиелген жүк көлігімен соқтығысқан.

Автокөлікте бес адам болған. Төртеуі оқиға орнында қаза болды, ал бесіншісі кейінірек ауруханада қайтыс болды.

Қаза тапқандардың бірі – Казталов полиция бөлімінің бірінші орынбасары, полиция майоры Марлен Қарабаев екені анықталды. Онымен бірге жұбайы қайтыс болды. Олардың бес баласы қалды.

Аталмыш басылымның мәліметінше, қайтыс болғандардың барлығы сыныптас болған. Қаза болғандар арасындағы тағы бір ерлі-зайыптының жеті баласы бар.

Айта кетейік, жуырда Жамбыл облысында болған жол апатынан екі полицей мен бірнеше жолаушы қаза болған.

Фото: «Уральская неделя»

Байланысты жаналықтар

Сәтбаевта қызға шабуыл жасаған күдікті қылмысын мойындады

23.05.2025

Қазақстан жолдарында жыл сайын 300-ден астам бала көз жұмады

20.05.2025

БҚО-да сотталған адамды түрмеде жалаңаш жұмыс істеткен

20.05.2025

Жантүршігерлік жол апатынан 6 шетелдік қаза тапты

20.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025
MalimBlocks