Абай облысында ер адам өзіне қол салмақ болған

Абай облысында полицейлердің көпірде жігітті құтқарған сәті видеоға түсіп қалды

Сұлу Бөлек

  • 05.04.2025

Абай облысында полицейлердің көпірде жігітті құтқарған сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

4 сәуірде полицияға үрейлі хабарлама келіп түсті: өтіп бара жатқан адамдар көпірден бір жігіттің секіруге дайындалып тұрғанын байқаған.
Оқиға орнына патрульдік полиция экипаждары дереу жетті. Алғашқылардың бірі болып полиция қызметкерлері Нұржан Оралтаев пен Нұрсұлтан Айып жігітке жақындады. Олар үйлесімді әрекет етіп, екі жақтан жігітті әңгімеге тартып, назарын өздеріне аударып, қауіпті әрекеттің алдын алуға тырысты. Осы кезде басқа полицейлер жолдағы қозғалысты реттеп, көпір үстінде көлік кептелісін болдырмауға күш салды.

Жігіт сәл алаңдаған сәтте, тәртіп сақшылары оны шапшаң түрде қолынан ұстап, қауіпсіз аймаққа сүйреп шығарды. Қарсылық көрсеткеніне қарамастан, полицейлер оны ұстап қалып, психологиялық қолдау көрсете берді.

Уақытылы әрекет пен кәсіби шеберліктің арқасында полицейлер 25 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалды. Ол емдеу мекемесіне жеткізілді.

Фото: Абай облысы ПД 

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

15.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді

Талғар ауданында атыс болды