Алматыда 19 жастағы жігіт 26-дағы қызды қылқындырып, қарға көміп кеткен

Қаскөй кінәсін толық мойындаған

Сабина Асқарқызы

  • 05.02.2025

Туыстары екі ай бойы таба алмаған 26 жастағы қыздың мәйіті Алматыдағы Кеңсай зираты маңынан табылды, деп хабарлайды Malim.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Марқұм Айша Хамитті өзі жақын араласып келген жігіті пәтерде қылқындырып, қылмысын жасыру үшін денесін айдалаға апарып тастаған. Қазір полицейлер 19 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Қаскөй кінәсін толық мойындаған, тіпті қызды мәжбүрлеп несие алғызғанын да растапты.

Айша Хамит былтыр қарашада үйінен туған күн кешіне барамын деп шығып, сол күйі оралмаған. Десе де, оның телефонынан жақындарының хатына жауап келіп отырыпты. 

19 жастағы бала екен. Есімі Нұрмахан деген қанішер. Кредит алдыртқан ол, кредиттің сомасы да үлкен. Екі миллионнан асу керек, біздің білуіміз бойынша. Қайтармаймын дегеннен кейін, Айша айтқан: "Ата-анама айтамын, полицияға арызданамын. Бұл сол жерде, пәтерде өлтірген", - дейді марқұмның әпкесі Әсия Хамит.

Қара жамылғандардың айтуынша, күдікті жігіт марқұмды алдымен пәтерде буындырып өлтірген. Кейін денесін полиэтиленге орап, сөмкеге салған. Сөйтіп мәйіт салынған сөмкені Кеңсай зираты төңірегіндегі саяжайға тиесілі жерге, қарға көміп кетіпті. Айша Хамит күдіктімен жазда танысып, содан бері телефон арқылы сөйлесіп жүрген. Онымен ТикТок желісінде емші іздеп отырып танысыпты. Марқұм қыз сырқат әпкесін "осы кісіге көрсетемін" деп, оның көмекшісімен, яғни күдіктімен танысқан. 

Ауру әпкесін емдеймін деп, ТикТок-тан алаяққа кезігіп қалады. Сонымен барған кезде, жаңағы балдызы екен, көмекшісі боп жүрген, сөйтіп танысып қалады. Кеше біз сүйекті алып шыққан кезде, төрт жігіт әрең көтердік. Ең кемі, қыздың салмағы 60 келі. Ал анау, 19 жастағы жігіт ол 60 келі денені жалғыз өзі көтеріп жүре алмайды, - дейді марқұмның нағашысы Табиғат Әлібек.

26 жастағы Айша отбасының жалғыз асыраушысы болған. Аудандық мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріпті.

Бұрын-сонды ештеңкеге тіркелмеген. Ешқандай жаман жүрісі жоқ. Орамалда, аузында иманды бар, бетінде ұяты бар мықты қыз. Бұл кісілер кішкене мал ұстайды. Малға қарайды. Тіпті сыртқа қонып қалатын әдеті жоқ, - дейді марқұмның жеңгесі Мүлік Фатигүлқызы.

Қазір полиция 19 жастағы күдіктіні қолға түсірген. Қаскөй қолмен жасаған қылмысын толығымен мойындапты. 

Адам өлтіру дерегі бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Болған қылмыстың басқа да мән-жайы анықталып жатыр, - Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

12.04.2025

11 млн теңге тұратын мүлік. Екібастұзда қарақшылар күзет мекемесіне басып кірген

11.04.2025

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

11.04.2025

Тағы бір қайырымдылық қорының басшысы ұсталды

10.04.2025

Алматыда ер адам биіктен құлап, қаза тапты

10.04.2025
MalimBlocks
Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

11 млн теңге тұратын мүлік. Екібастұзда қарақшылар күзет мекемесіне басып кірген

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

1-тоқсанда тұтынушылық сұраныс бәсеңдеген

Тағы бір қайырымдылық қорының басшысы ұсталды

Алматыда ер адам биіктен құлап, қаза тапты

Алматыда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қаза тапты