Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Батыс Қазақстанда дрон құлады

Оқиға
Батыс Қазақстанда дрон құлады

18 ақпанда сағат 23:00-де Бөкей ордасы ауданына қарасты Ұялы ауылында белгісіз ұшатын зат табылды. Оны жергілікті тұрғындар тауып алған, деп хабарлайды Malim.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

Табылған дронның ұзындығы – 120 см. Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жұмыс істеді.

Таратылған фотосуретке сәйкес, бұл аппарат франциялық «Sagem» компаниясы әзірлеген барлау мақсатында пайдаланылатын «Crecerelle» дронына ұқсайды.

Бөкей ордасы ауданының әкімдігі бұл деректі растағанымен, пікір білдіруден бас тартты. «МГ» редакциясы БҚО полиция департаменті мен ТЖД-ге сұрау жолдады.

Айта кетейік, ауданда 1946 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Капустин Яр» әскери полигоны орналасқан. Қазіргі таңда оның жерін Ресейдің Қорғаныс министрлігі жалға алып отыр. Полигон аудан аумағының 49,1%-ын қамтиды.

Мұндай жағдайлар ауданда жиі кездеседі – зымыран сынықтары мен ұшатын аппараттардың құлауы жаңалық емес.

Бұған дейін, 17 ақпанда, Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий Құбыр Консорциумының «Кропоткинская» мұнай айдау станциясына дрондар шабуыл жасағанын хабарлады. Объектіге жарылғыш заттары бар 7 ұшу аппараты тасталған. Шабуыл бірнеше рет жасалып, станцияға зиян келтірумен қатар, қызметкерлерге қауіп төндірген.

Фото: mgorod.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу