«Денесін достары алып келген»: Маңғыстауда 11 сынып оқушысы түсініксіз жағдайда көз жұмды

Маңғыстау облысында 11-сынып оқушысы түсініксіз жағдайда көз жұмды. Марқұмның туыстары оның мотоциклден құлап қалғанына сенбейді, деп хабарлайды Malim.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 8 сәуір күні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылында күні болған. болған. Сағындық сол кеште үйінен шығып кеткен. Түнгі 23:00-23:30 шамасында оның достары баланың денесін үйге әкеліп тастаған. Олар Сағындықтың жай ғана құлап қалғанын айтқан. Алайда денесінде соққы іздері болғанын байқаған туыстары бірден күмәнданған.
Маңғыстау облысының заң консультанттары палатасының мүшесі Ажар Әбділ өзінің Facebook парақшасында оқиға туралы жазды.
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне ресми сауал жолдады. Оның айтуынша, Сағындық сол кеште достарымен жүрген. Ал достары кейінірек ауылдағы үлкен балалар тарапынан қысым болғанын мойындаған. Олар жасөспірімдерді қатарға тұрғызып, ұрғанын, Сағындықтың соққыдан кейін құлап, есінен танғанын айтқан.
Марқұм Сағындық отбасындағы жалғыз бала болған. 11 сыныпта оқып, химия-биология бағыты бойынша оқуға тапсыруға дайындалып жүрген.
Марқұмның немере ағасы Сәкен Қуанышбеков оның әкесінен ақша алып кеткенін айтады.
8 сәуірде сағат кешкі 21:00 шамасында ол әкесінен ақша алып, үйден шығып кеткен. Бір жаққа барып келу керек депті. Сағат 23:30-дардан кейін достары оның денесін әкелді. Біздің басты талап - кінәлі адамды тапса екен. Бұл кісі қолынан болған өлім, оны қатты ұрған. Достарымен арадағы жазысқан хаттар, чаттар өшіріліп, тазартылған. Менің інімнің телефонын ғана аша алмапты. Онда бәрі сақталған. Медициналық сараптама нәтижелері дайын емес, біз өлімге не себеп болғанын нақты білу үшін күтіп отырмыз, - деп баяндады ол.
Тағы бір немере ағасы Амангелді Қуанышбековтың айтуынша, Сағындық спортпен айналысатын, шымыр бала болған.
Басылымға өңірлік полиция күдікті ретінде оның ауылдасы, 20 жастағы жігіттің ұсталғанын хабарлаған. Оған қатысты ҚР ҚК 196-бабы бойынша (адам өліміне әкелген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) қылмыстық іс қозғалған.
Егер тергеу жүргізіліп жатқан бап өзгермесе күдіктіге мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Фото: Lada.kz